Медиа-Мектеп — MediaNet Халықаралық журналистика орталығының негізгі және басты жобасы.Медиа Мектеп
Медиа Мектеп — Алматыда 2005 жылдың 16 ақпан айынан бастап жүріп жатқан MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының жобасы. Жоба халықаралық және қазақстандық қоғамдық, коммерциялық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды.
Мектептің негізгі мақсаты — студенттерде практикалық, журналистік дағды қалыптастыру және сараптамалық ойлау деңгейін дамыту. Осы жайттарды ескере отырып оқу бағдарламасы дайындалды. Бағдарламаның құрамына мәтінмен танысуға, сарап түрлеріне, оқиға сипатына, қисынды ойлау жүйесін дамытуға бағытталған тәжірибелік және теориялық сабақтар кіргізілді.
Мектеп не үйретеді?
Оқу түрлері — негізгі бағдарлама және арнайы курстар.
Негізгі бағдарлама журналистика өнерін меңгергісі келген, бірақ БАҚ саласында жұмыс тәжірибесі жоқ жандарға арналған. Курс ұзақтығы — 5 ай (аптасына екі рет), бір мезгілдік жұмыс тәжірибесімен қоса алғанда.
Негізгі бағдарлама мынадай тақырыптарды қамтиды:
• Ақпаратпен жұмыс жасау ережесі;
• БАҚ-ын саралау;
• Қазақстанның медиа-өмірі;
• Баспасөздің, телевизия және радио журналистикасының ерекшелігі;
• Интернет-БАҚ;
• Телесюжетті түсіру және монтаждау әдістері;
• Радиожүргізушінің қызметі. ;
• Баспасөз басылымдарына материалдар жазу (түрлі жанрларда және форматтарда);
• Медиа құқық;
• Іскерлік журналистика;
• Жаңа media және басқалар.
Медиа Мектепті бітірген түлек, сюжеттерді, тележаңалық бағдарламаларын түсіру қалай жүргізілетінін, радиобағдарламалардың өзгешелігін анық білетін болады, мерзімді баспасөз құралдарының ерекшеліктеріне еркін бейімделе алады.
II. Арнайы курстар:
1. Телевизиялық журналистика
Оқу бағдарламасында:
• жаңалықтар жанрын дайындау мен жасау — репортаждар және авторлық сюжеттер;
• телевизиялық сұхбат өнері;
• телевизиялық бағдарламаларға арнапсюжеттер жасаудың ерекшеліктері;
• сән-салтанат журналистикасы;
• ТВ-дағы журналисттік зерттеу;
• Сөйлеу шеберлігі;
• ТВ-дағы диктор мен жүргізушінің шеберлігі;
2.Public Relations — қоғаммен және БАҚ байланыс
Студенттер келесі дүниелермен таныса алады:
• PR түсінігімен және бүгінгі күнгі қазақстандық PR-маманның жұмысымен, үздік PR-жобалармен;
• медиа шаралар мен баспасөз конференцияларын дайындау мен өткізу жайлы;
• тиімді баспасөз мәлімдемесін жазу ережелері;
• PR-маманның мәліметтер базасын жасау;
• Саяси, әлеуметтік, ішкі және дағдарысқа қарсы PR туралы біле алады;
• өз жобалары мен презентацияларн дұрыс дайындап, қорғаумен;
Сабақтар интерактивтік әдіс арқылы жүргізіледі.
Медиа Мектептің үлкен бір ерекшелігі — жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Тәуелсіз авторлар (freelance) ретінде Медиа Мектептің студенттері 2000-нан астам мақала жариялады. 200-ден астам Медиа Мектеп түлегі бұқаралық ақпарат құралдарында, PR агенттіктерде, баспасөз қызметтерінде, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық компанияларда жұмыс істейді.
Материалдарын неғұрлым көп жариялаған ( эфирге шығарған) студенттер, сертификаттан бөлек БАҚ редакторларына деген ұсыныс-хаттарға ие болады. Ол үшін кем дегенде үш оқатушыдан ұсыныс түсу керек.
Болашағынан үміт күттіретін Медиа Мектептің студенттеріне біз шет елде оқу және тәжірибеден өту мүмкіндігін береміз.
Медиа Мектепте кім оқиды?
Жоғарғы сынып оқушылары, түрлі ЖОО мен колледж студенттері, сан алуан жастағы және бағыттағы мамандар.
Кім оқытады?
Кәсіби тәжірибесі бар журналистер, БАҚ редакторлары, саясаттанушылар, заңгерлер, PR-менеджерлер, Жаңа медиа саласының мамандары.
Информация для заказа
- Цена: 10 000 ₸/месяц